Тiлдiң таңдауы: КАЗ РУС
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛІК
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізу ЕРЕЖЕСІ
26 Апр, 18:38

 1.     Жалпы ережелер

 Берілген ереже жалпы білім беретін пәндер бойынша бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын (келесіде – олимпиада) өткізудің тәртібін, мақсатын, міндеттерін анықтайды.cut

     Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері - ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың интеллектуалдық дәрежесін жоғарлату, дарынды балалары анықтау мен дамыту үшін қажетті жағдай жасау болып табылады.

Олимпиаданың ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (келесіде – ШҚО ББ), Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (келесіде – ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы).

Олимпиаданың жұмыс тілі – қазақ және орыс тілдері.

 

2. Олимпиаданың өткізілу тәртібі, мерзімі мен орны

Олимпиада Ш кезеңде өткізіледі:

• бірінші кезең – мектепішілік –2012 жыл, наурыз;

• екінші кезең - аудандық (қалалық) 2012 жылдың 20 сәуіріне дейін;

• үшінші кезең - облыстық 2012 жыл 5 мамыр.

  Пәндер бойынша жеке айналым 6 пәннен өткізіледі (қазақ тілі, орыс тілі, ана тілі, математика, дүниетану, бейнелеу өнері). Жұмыс жазбаша орындалады. Орындау уақыты: 90 минут, бейнелеу өнері – 120 минут.

 

3. Олимпиаданың жұмысшы органы

    Олимпиаданы дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

    Ұйымдастыру комитеті:

­- олимпиаданың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды, тікелей басшылықты жүзеге асырады;

­- ғылыми-әдістемелік кеңесті қалыптастырады;

­- олимпиаданың қорытындысына талдау жүргізіп, қорытады;

Құрамына ғалымдар, тәжірибеші-мұғалімдер кіретін ғылыми-әдістемелік кеңес:

­- тапсырмалардың мазмұнын әзірлейді;

­- жұмыстарды бағалайтын критерийлерді анықтайды, олимпиада өткізілгенге дейін тапсырмалардың құпиялығына жауап береді;

­- жұмыстарды тексеруге қатысады;

­- жеңімпаздарды анықтап, ұйымдастыру комитетіне жүлделі орындарды беру үшін ұсыныстар жасайды.

  

4. Қатысушылардың құрамы

 Олимпиадаға облысымыздағы жалпы білім беретін мектептердің және мамандандырылған білім беру мекемелерінің 4-сынып оқушылары қатысады.

Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысындағы қалалардың, аудандардың, мектептердің атынан командалар қатысады. Командалар аудандық, қалалық олимпиадалардың қорытындысы бойынша құрылады.

Команда құрамы оқыту тіліне байланысты 6 немесе 12  адамнан және 1 жетекшіден тұрады (әр пәнге 2 адамнан).

Команда құрамының барлық мүшелері олимпиадаға қатысу үшін берілген  тапсырыста болулары керек.

 

5. Қатысушыларды тіркеу тәртібі

  Олимпиадаға қатысу үшін тапсырыстарды жазбаша түрде  ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 2012 жылдың 26 сәуіріне дейін 8 (7232) 75-84-59, 75-77-19 теле/факстарына жіберуге болады.

 

6. Қорытындыларды бағалау тәртібі

 Облыстық олимпиаданың қорытындысы бойынша әр қатысушының қатысқан өз пәні бойынша жинаған ұпайына сәйкес орындар анықталады (жеке есепте), команда – жалпы есепте.

Жалпыкомандалық орын команда мүшелерінің жалпы жинаған ұпайлары бойынша анықталады.

 

7. Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау

 Әр оқу пәні бойынша 1-3 орын иеленген қатысушылар жеке есеп қорытындысы бойынша марапатталады. (1-орын-1, 2-орын-2, 3-орын-3).

 

8. Атрибутика

 Олимпиадаға қатысуға тапсырыс берген әрбір команданың өз формасы, эмблемасы, командасының аты болуы керек.

 

9. Қаржыландыру

 Олимпиаданың қаржыландырылуы Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы құрылып, бекітілген шығындар сметасына  сәйкес жүзеге асырылады.

Олимпиадаға қатысушылардың жол ақысы бағыттаушы жақтың немесе демеушілердің есебінен өтеледі.

Қашықтықтан оқытуға кіру

Сіз оқушылардың «Дарын» Виртуалдық Академиясы деген не екенін білесіз бе?
Бұл дарынды оқушыларды зияткерлік олимпиадалар мен жарыстарға дайындау, оларға ЖОО ғалымдарының ғылыми кеңес берулері. - 281
Бұл Ғаламтор арқылы оқушыларды оқыту. - 92
Бұл оқушылар мен олардың педагогтерінің білім және тәжірибе алмасуы. - 65